Астанадан таралатын жалғыз жалпыұлттық телеарна. 1997 жылы құрылған. Компания ұраны — «Бірінші Астаналық».

Телеарна толқындары елдің барлық өңірлерінде таралады — Астана және Алматы қалалары, облыс орталықтары мен радиусын 50–80 км құрайтын қала маңдары.

Құрылымы

Әрбір телеарнаның кеңінен танымал болуы мен қызықтырарлығы оның көрсететін бағдарламаларының сапасына байланысты болады. Сол себептен жалпыұлттық арна жасау идеясы эфирге шығатын бағдарламалардың адам жасына қарамастан барша халыққа арналуын қарастырады.

Ұсынылатын бағдарламалардың тақырыбы:

  • ақпараттық-сараптау
  • ойын-сауық бағдарламалары
  • ток-шоу
  • музыкалық-жастар
  • спорт бағдарламалары
  • арнайы жобалар

Болашақ даму жолдары:

  1. Екі негізгі бағыт — ақпараттық-сараптау мен ойын-сауық бағдарламалары;
  2. Мемлекеттің құрамдас бөлігі болып табылатын жанұяны нығайтуға бағытталған арнайы жобаларды жасау;
  3. Қазақстандық контент қалыптастыру жолындағы тапсырмаларды орындау;
  4. Қуатты республикалық және аймақтық ақпарат базасын жасау.