Қазақстан халқының жетістіктерге жетуі, гүлденуі мен өркендеуі жолындағы «Нұр Отан» партиясы бастамаларының басты жаршысы болатын жоғарғы сенімге ие медиақұрылым қалыптастыру.

Мақсаттар

  • біріңғай менеджменті, бизнес-үдерістері мен толық коммуникациялық құрылғылары бар корпорация құру.
  • Қазақстанда медиа-бизнесті жүргізуде жаңа бірегей формат қалыптастыру.

Міндеттер

  • кәсіпқой мамандарды басшылық жұмыстарға тарту
  • барлық құрылымдар бойынша қысқамерзімді жоспарлар құру (шығармашылық, маркетингті, start-up).
  • 2009–2011 жылдарға бюджет жоспарларын құру.

Нарыққа қысқаша шолу

Өркениетті бәсекелестік жаңа мықты ойыншыларды тудырады. Осы орайда медиа-бизнесті дұрыс жүргізу үшін құрылымдау, басқару және-де ресурстарды жандандыруды қайта қарау қажет болды.

Жергілікті медиа өнімдерінің жеткілікті болмауы (әсіресе телевизиялық), шетел өнімдерін (Қазақстанға икемдендірілген) сатып алуға әкеліп соқтырады. Бұл өз кезегінде медиаиндустрияға кері әсерін тигізеді.

Сол себептен біріңғай менеджменті мен біріңғай шығармашылық тұжырымдамасы бар, қоғамға ашық, және-де үдерістері жүйелі түрде құрылған біріңғай компания құру маңызды болып табылады.